⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат: 

      1) дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін; 

      2) күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін; 

      3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесін, сондай-ақ осы іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді; 

      4) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін; 

      5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын; 

      6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесін қамтиды. 

       6-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      7) алып тасталды – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      1-1. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат: 

      1) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін; 

      2) күнтізбелік бір жылдағы заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды тұтыну көлемдерін; 

      3) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының немесе техникалық есептің (бар болған кезде) көшірмесін; 

       4) жылыту көздерін және есепті кезеңдегі ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданы бірлігіне шаққанда жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың жұмсалуын;  

      5) энергия тұтыну жабдығының тізбесін қамтиды. 

      2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына қағаз немесе электрондық жеткізгіште жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде береді. 

      Бұл ретте жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты болған кезде ұсынады. 

      3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің және мемлекеттік органдардың деректері негізінде уәкілетті орган жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңы. 

      Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы