9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) жастар ұйымдарымен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы