⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Биоотын өндірісінің және айналымының шарттары Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

9-бап. Биоотын өндірісінің және айналымының шарттары Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Биоотын өндірісінің және айналымының шарттары Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

      1. Биоотын өндірісі: 

      1) өндіріс паспорты және биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алатын бақылау аспаптары болғанда; 

      2) биоотын өндірушінің жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заттай құқығындағы биоотын өндіретін зауытта жүзеге асырылады. 

      2. Биоотынды өткізу тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдей отырып жүзеге асырылуға тиіс. 

      3. Биоотынды тасымалдауға оның бүкіл жүру жолында тауарларға ілеспе жүкқұжаттар болған кезде жол беріледі. 

      4. Биоотынды сақтау биоотын өндірушілердің және құрамында биоотын бар мұнай өнімдерін өндірушілердің, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілердің меншік құқығына немесе өзге де заттай құқығына жататын үй-жайларда жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV Заңы. 

      Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы