⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы

9-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерін толықтыру үшін мемлекет бағалы металдарды өндіру субъектілерімен және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалармен аффинирленген алтынды сатып алу жөнінде мәмілелер жасасуға басым құқыққа ие болады. 

      2. Бағалы металдарды өндіру субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде өндірілген аффинирленген алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне басым тәртіппен өткізеді. 

      3. Бағалы металдарды өндіру субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының графиктерін алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсынады. 

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамын, ақша нарығының жай-күйін, ақша-кредит саясатының және халықаралық қаржы нарықтары конъюктурасының көрсеткіштерін негізге ала отырып, алдағы жартыжылдыққа басым құқықты іске асыру шеңберінде сатып алу лимитін бекітеді не алдағы кезеңге (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты тұтастай іске асырмау туралы шешім қабылдайды. 

      Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының графигін ұсынған әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісінен немесе қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иесіне айналған тұлғадан алдағы жартыжылдықта сатып алынатын аффинирленген алтынның көлемін айқындайды. 

      Сатып алу көлемі не алдағы кезеңге аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тарту туралы шешім бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың назарына алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың назарына жеткізілген сатып алу көлемін толығымен сатып алуға міндетті. 

      Егер аффинирленген алтынды өндірудің және сатудың күтілетін көлемі осы баптың 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылған аффинирленген алтынды өндіру және сату көлемінен асып түскен жағдайда, бағалы металдарды өндіру субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының өзгертілген графиктерін қосымша ұсынады. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аффинирленген алтынды өндіру және сату болжамының өзгертілген графиктерін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде аффинирленген алтынды сатып алудың тиісінше өзгертілген көлемін бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың назарына жеткізеді немесе өзгертілген графиктерге сәйкес жаңа көлемді сатып алудан бас тартуды жіберу арқылы бұрын назарына жеткізілген аффинирленген алтынды сатып алу көлемін өзгеріссіз қалдыру туралы хабарлайды. 

      5. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иесіне айналған тұлғалардың аффинирленген алтынды зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру үшін шикізат ретінде Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын лимитке жеткенге дейін сатуы бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. 

      6. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде аффинирленген алтынды сатып алу көлік шығыстары, өткізуге жұмсалатын шығындар және Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы қабылдаған және "Лондондық сапалы өнім беру" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сай келмейтін аффинирленген алтынды сатып алған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдік шегеріле отырып, халықаралық нарықта қалыптасқан бағалар пайдаланыла отырып есептелген баға бойынша жүзеге асырылады. 

      7. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде аффинирленген алтынды сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бағалы металдарды өндіру субъектісімен немесе қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иесіне айналған тұлғамен жасасқан бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. 

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алу лимитіне қол жеткізілген жағдайларда және (немесе) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес алдағы кезеңге басым құқықты іске асырмау туралы қабылданған шешім болған кезде бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартуға құқылы. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бағалы металдарды өндіру субъектілеріне және қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғаларға қатысты олардың назарына жеткізілген аффинирленген алтынды сатып алу көлемі шегінде қолданылмайды. 

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен немесе қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардан аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартқан жағдайда, осы аффинирленген алтын үшінші тұлғаларға өткізілуі мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ. 

      Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы