⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Бағалау туралы есептi ресімдеуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

9-бап. Бағалау туралы есептi ресімдеуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Бағалау туралы есептi ресімдеуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы 

      1. Жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша бағалау туралы есептің кемінде екi данасы жасалады, оның біреуi тапсырыс берушіге беріледі, екiншiсi бағалаушылар палатасы айқындаған тәртіппен бағалаушыда немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғада сақталады. 

       2. Бағалау туралы есеп нөмірленеді, байланады, оған бағалаушы қол қояды және оның мөрімен (ол болған кезде) бекемделеді, ал бағалаушы заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан жағдайда, бағалау туралы есепті заңды тұлғаның басшысы бекітеді және ол заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделеді.  

      3. Бағалау объектісінің осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жасалған бағалау туралы есепте көрсетілген нарықтық немесе өзге құнының жиынтық шамасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бағалау объектісімен мәміле жасасу мақсаттары үшін ұсынылатын шама болып танылады. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы