9-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы
1. Арнайы экономикалық аймақ өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, қызметтерді ұсынудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейін қалыптастыру, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар тарту, жаңа технологиялар ендіру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.
2. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ шекара маңындағы сауданы және шектес жатқан шекара маңы аумақтарының экономикасын дамыту, көліктік инфрақұрылымды, туризмді және Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарының мәдени өзара іс-қимылын дамыту мақсатында да құрылады.
3. Индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы