9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия Байланыс туралы Заңы
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды;
3) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы