⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Арнайы пошта байланысы қызметі Пошта туралы Заңы

9-1-бап. Арнайы пошта байланысы қызметі Пошта туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-1-бап. Арнайы пошта байланысы қызметі Пошта туралы Заңы 

      1. Арнайы пошта байланысы қызметі арнайы пошта байланысы арналары арқылы арнайы жөнелтілімдер жіберілген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі айрықша жарғылық міндеттерді орындайды. 

      2. Арнайы пошта байланысы қызметі Ұлттық пошта операторының бірыңғай құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсынады. 

       3. Арнайы пошта байланысы қызметінің жеке құрамы Ұлттық пошта операторы бекіткен нысанды киім үлгілеріне сәйкес нысанды киіммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қарумен, арнайы қорғау және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.  

      4. Арнайы пошта байланысы қызметінің ұйымдастырушылық қызметін, сондай-ақ арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну тәртібін және көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды. 

      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы пошта байланысы қызметінің қызметкерлері тасымалдайтын арнайы жөнелтілімдер жете тексеруге және кідіртуге жатпайды. 

      Ескерту. 3-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы