⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:

      1) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

      2) айыппұл;

      3) түзеу жұмыстары;

      4) қоғамдық жұмыстарға тарту;

      5) бас бостандығын шектеу;

      6) бас бостандығынан айыру болып табылады.

2 Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

3 Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептiк көрсеткiштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.

4 Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік көрсеткіштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.

5 Қоғамдық жұмыстарға тарту он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы – күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

6 Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу – екi жылға дейiнгi мерзiмге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру жағдайында жазаның қалған өтелмеген бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады.

7 Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

8 Кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых  несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Видами наказаний, назначаемых несовершеннолетним, яв...

Толық оқу »

Сот үкімі туралы

Сот үкімі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы. РҚАО-ның ескертпесі! Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 56-т...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 6.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойын...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының...

Толық оқу »