8-бап. Уәкілетті ұйымның функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы
Уәкілетті ұйым:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау мен әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын импорттауды қоспағанда, мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін қажетті көрсетілген тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
2) пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды) жүзеге асырады;
3) оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді жүзеге асырады;
4) пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
6) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен өндіретін қару-жарақ пен әскери техниканы халықаралық нарыққа ілгерілетуді жүзеге асырады;
7) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмелеріне, конференцияларына, семинарларына, таныстыру іс-шараларына, демонстрацияларына, сынақтарына қатысады және оларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы заңнамасына сәйкес орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
9) мемлекеттік кепілдіктермен берілетін мемлекеттік емес қарыздарды тартады;
10) қарыз шартында көрсетілген ұйымдармен мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар шеңберінде кейінге қалдыру төлемімен қорғаныс өнеркәсібі саласында әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі шарттарды жасасады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы