8-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің:
1) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардан (қолжетімділігі шектелген ақпаратты немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулер, құрылысқа салынатын инвестициялардың негіздемесін дайындау, аумақты игеруді және (немесе) онда құрылыс салуды жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау және салу, сондай-ақ оларды кейіннен пайдалану үшін қажетті ақпаратты (мәліметтерді, деректерді, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұратуға және алуға;
2) қала құрылысы регламенттері, сервитуттар немесе өзге де нормативтік талаптар (шарттар, шектеулер) шегінде меншікке сатып алынған не жер пайдалануға берілген жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
3) "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар, сондай-ақ өзге де кәсіптік қоғамдық ұйымдар құруға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы