⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Салым шартының талаптары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

8-бап. Салым шартының талаптары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Салым шартының талаптары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

   1. Салым шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) шарттың нысанасы;

      2) қатысушы банк белгілейтін бастапқы жарна мөлшері;

      3) шарттың қолданылу мерзімі;

      4) қатысушы банк сыйақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

      5) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;

      5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;

      6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      7) салымшының операторға банк құпиясын ашуға жазбаша келісімі;

      8) тараптардың жауаптылығы;

      9) шартты бұзу талаптары;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де ережелер.

      2. Білім беру жинақтау салымы теңгемен ашылады.

      3. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Қатысушы банк салым шартын жасасқан кезде білім беру жинақтау салымына қосымша жарналарды салудың ұсынылатын кезеңділігін және олардың мөлшерін есептейді.

      5. Салымшының шотына Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардан жарналар салынуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы