⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері Қайырымдылық туралы Заңы

8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері Қайырымдылық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері Қайырымдылық туралы Заңы 

      1. Қайырымдылық ұйымының: 

      1) өз қызметі туралы ақпаратты таратуға; 

      2) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға; 

      3) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 

      4) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға; 

      4-1) қаражат жинауды жүзеге асыруға; 

      5) осы Заңға және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық саласындағы өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

      2. Қайырымдылық ұйымы: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 

      2) өз мүшелеріне (қатысушыларына) олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; 

      3) өз мүшелеріне (қатысушыларына) мүліктің түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге; 

      3-1) жылына бір реттен сиретпей орындалған қайырымдылық бағдарламасы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) қайырымдылық ұйымының интернет-ресурсында жариялауға міндетті. 

      Есепте қайырымдылық бағдарламасын орындау шеңберіндегі кірістер мен шығыстар, қол жеткізілген мақсаттар туралы қысқаша ақпарат қамтылуға тиіс; 

      4) осы Заңға және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

      3. Қайырымдылық ұйымы жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. 

      4. Ерiктi қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ. 

      Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы