8-бап. Өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау мақсатында тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін және мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайына әсер ететін объективті факторларды, оның ішінде мыналарды:
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне қатысты абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердегі өсу қарқыны мен көлемін;
2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттердің нарығындағы осы тауардың және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесін;
3) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағалары деңгейімен салыстырғандағы бағалар деңгейін;
4) мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды мүше мемлекеттер нарығында сату көлемінің өзгеруін;
5) мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі көлемінің, өнімділігінің, өндірістік қуаттар жүктемесінің, пайда мен шығындар мөлшерлерінің, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің өзгеруін бағалайды.
2. Өскен импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залал немесе оны келтіру қатері іске қатысты және тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігінде бар барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің негізінде анықталуға тиіс.
3. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган өскен импорттан басқа сол кезеңде олардың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе оны келтіру қатері төнетін басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалға немесе оны келтіру қатеріне жатқызылмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы