⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуын қамтамасыз ету  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы

8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуын қамтамасыз ету  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

      8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуын қамтамасыз ету  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы 

 

      1. Мемлекет қор активтерінің және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуына кепілдік береді. 

      2. Қор активтерінің және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуы: 

      1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы қордың қызметін реттеу; 

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру; 

      3) қордың активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу; 

      4) қордың меншікті қаражаты мен активтерін бөлек есепке алуды жүргізу; 

      5) жыл сайынғы тәуелсіз аудитті жүргізу; 

      6) қордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты қаржылық есептілікті ұсынуы; 

      7) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау арқылы қамтамасыз етіледі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы