⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қойылатын талаптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында айқындалады. 

      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мыналарға бөлінеді: 

      1) халықаралық стандарттардың негізінде әзірленетін және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негіз қалайтын талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары. 

      Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын Жоғары аудиторлық палата әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді; 

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге (рәсіміне, тетігіне және әдістеріне) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары, олар: 

      Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары; 

      Жоғары аудиторлық палата әзірлейтін және бекітетін сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін Жоғары аудиторлық палата айқындайды; 

      Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. 

       Тиімділік өлшемшарттары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу кезеңінде аудит объектісімен талқыланады.  

      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар қолдануға міндетті. 

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі. 

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдағы ішкі аудит стандарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы