⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы

8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы 

      1. Дактилоскопиялық және геномдық ақпарат қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатады. 

      2. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау және өңдеу шарттары оны жоғалту, бұрмалау және оған санкцияланбаған қол жеткізу, сол сияқты дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар электрондық ақпараттық ресурстарға құқыққа сыйымсыз және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізу және (немесе) ықпал ету мүмкіндігін болғызбауға тиіс. 

      3. Дактилоскопиялық және геномдық ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау және өңдеу оны қорғау қамтамасыз етілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. 

      Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы, дербес деректер және оларды қорғау, мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оның қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. 

      5. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы