8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы
1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті цифрлық майнер цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асырады.
2. Цифрлық майнерлер өз қызметін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға сәйкес жүзеге асырады.
3. Цифрлық майнер цифрлық майнингтің нәтижесінде туындаған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің меншік иесі болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді өткізген жағдайда, мұндай цифрлық активтер салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес кемінде жетпіс бес пайыз мөлшерінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының лицензиясы бар цифрлық активтер биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға жатады.
5. Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерлеріне, заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат етіледі және ол қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына жатпайды.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымға және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті қоспағанда, цифрлық майнинг жөніндегі қызметке қатысы жоқ өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы