8-4-бап. Кемелер жүрісін басқаруды ұйымдастыру Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Навигациялық орталықтың кемелерге қызмет көрсетуі мынадай кезектілікпен жүргізіледі:
1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшін жүзіп келе жатқан кемелер және бортында сырқаты ауыр адамдар бар кемелер;
2) кесте бойынша жүзіп келе жатқан паромдар мен жолаушылар кемелері;
3) тез бүлінетін жүктері бар кемелер;
4) сүйретіп келе жатқан объектілері бар сүйреткіш кемелер;
5) қауіпті жүктері бар кемелер;
6) желілік кемелер;
7) өтінімдер келіп түскен уақытқа сәйкес өзге де кемелер.
2. Кемелерді радиолокациялық алып өтуді навигациялық орталық кеменің өтінімі бойынша кез келген көрінетіндей жағдайда жүзеге асырады.
3. Радиолокациялық алып өту тәртібі радиолокациялық алып өту басталғанға дейін теңіз портының капитанымен келісіледі.
4. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісі (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) теңіз порты капитанының рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймағына келгенге дейін теңізден жүзіп келе жатқан кемелер осы аймақтағы жүрісті реттейтін навигациялық орталықпен ультрақысқа толқындарда радиобайланыс орнатады.
6. Навигациялық орталықпен радиобайланыс орнату кезінде кеме:
1) кеменің типін, атауын және мемлекеттік тиесілігін (туын);
2) аймаққа келу уақытын;
3) маневр жасау режиміндегі жылдамдығын;
4) межеленген портын;
5) өлшем куәлігі бойынша жалпы сыйымдылығы мен негізгі мөлшерлерін;
6) нақты шөгуін;
7) жүктің түрі мен санын;
8) кеменің радиолокациялық стансасының жай-күйі туралы мәліметтерді;
9) жүзу және маневр жасау қауіпсіздігіне әсер ететін бар шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды.
7. Кемелер жүзіп келе жатқанда, егер басқа арна көрсетілмесе, өздері аймағында болатын навигациялық орталықтың жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшілікті) атқарады.
8. Навигациялық орталықтың кемелермен радиоалмасуы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш тәулік бойы сақталады. Егер авариялық ахуалдар немесе авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеп-тексеру аяқталғанға дейін сақталады.
9. Навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-1-тарау 8-4-баппен толықтырылды - ҚР 13.01.2015 № 276-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы