77-2-бап. Заң консультантының құпиясы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы
1. Заң консультантына жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да адамдармен ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүддесінде қабылданатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер заң консультантының құпиясын құрайды.
2. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультантының мәртебесінен айырылған адам заң көмегін көрсетуге байланысты және (немесе) өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған қандай да бір мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалануға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заң консультантының құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария еткені үшін осы баптың 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпарат ұсыну заң консультантының құпиясын жария ету болып табылмайды.
5. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
6. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультанты мәртебесінен айырылған адам кәсіптік құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы