Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 73-бап. Азаматтық талапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

73-бап. Азаматтық талапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

73-бап. Азаматтық талапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.

      2. Азаматтық талапкердің өзi қойған талапты қолдау мақсатында:

      1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге;

      2) дәлелдемелердi ұсынуға;

      3) қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге;

      4) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға;

      5) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар мен түсiнiктемелер беруге;

      6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға, өкiлiнің болуына;

      7) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға;

      8) өзiнiң өтiнiшхаты бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;

      8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;

      9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға;

      10) өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;

      11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;

      12) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге;

      13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;

      14) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге;

      15) соттың үкiмi мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға;

      16) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;

      17) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;

      18) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);

      19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.

      3. Азаматтық талапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді.

      4. Азаматтық талапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

Талап қоюшының заттық құқығын жоғалтпаған мүлкін (жалға беру, лизинг, сақтау және басқа да шарттардың нысанасы болып табылатын мүлікті) босату және қайтару туралы талабы бағалауға жатпайтын талап ретінде қарастырылуы мүмкін.

Талап қоюшының заттық құқығын жоғалтпаған мүлкін (жалға беру, лизинг, сақтау және басқа да шарттардың нысанасы болып табылатын мүлікті) босату және қайтару туралы талабы бағал...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 73-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қоюшы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 73-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қоюшы1. Азаматтық талап қоюшы деп қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс ем...

Толық оқу »

Әкімшілік процеске қатысушы тұлғалардың шеңбері: талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор

Әкімшілік процеске қатысушы тұлғалардың шеңбері: талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурорӘРПК-нің 26-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік процеске қатысушылар т...

Толық оқу »