⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi  Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы

7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi  Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi  Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы 

       Ескерту. 7-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Уәкiлеттi орган өз өкілеттiктерi шегiнде: 

      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты тегiн алуға; 

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырумен және арнайы есепке алуды жүргізумен байланысты емес қызметіне араласпай, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыруға; 

      3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізуге; 

      4) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      5) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға; 

      5-1) құқықтық статистикалық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қолжетімділік беруге; 

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

      2. Уәкiлеттi орган өз өкiлеттiктерi шегiнде: 

      1) мемлекеттiк құқықтық cтaтистика және арнайы есепке алу саласында ақпарат жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды; 

      2) жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсудi және бекiтудi; 

      3) мемлекеттiк органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi; 

      4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз етудi; 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн өз қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi; 

      6) мемлекеттiк құпиялар мен дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынған мәлiметтердiң сақталуын; 

      7) ақпарат жүйелерiн заңсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердiң бүлiнуiнен немесе жойылуынан қорғауды; 

      8) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын; 

      9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуды; 

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 № 522-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы. 

       Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы