7-бап. Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, кедендік рәсімдерге орналастырылады.
2. Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін шараларды және техникалық реттеу шараларын сақтау Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал экспорттық бақылау шараларын, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шараларды сақтау - осындай шаралардың сақталуын растайтын, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді табыс ету арқылы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен расталады.
3. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптарды сақтау Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылау (қадағалау) нәтижелері бойынша расталады.
4. Жеке тұлғалардың Одақ туралы шартта көзделген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) әкету ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
5. Егер тыйым салулар мен шектеулерді белгілейтін актілерде олардың сақталуын растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаған болса, осындай тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне немесе кедендік экспорт рәсіміне орналастыру кезінде расталады.
6. Тыйым салула мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет, егер олар:
1) келген жерінен бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлармен кедендік операциялар жасау жеріне дейін;
2) келген жерінен кеткен жеріне дейін тасымалданса, халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру кезінде декларанттарға жүктелмейді.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы