7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заңы
1. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін жұмыс органы болып табылады, оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.
2. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін, олардың шешімдерінің сөзсіз және түпкілікті орындалуын, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге құқылы.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы