⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жайылымдар туралы Заңы

7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жайылымдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жайылымдар туралы Заңы 

      Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 

      1) уәкілетті органға: 

      жайылымдарды ұтымды пайдалану; 

      жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу; 

      жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну; 

      2) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру; 

      3) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асыру; 

      4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеп, бекіту; 

      5) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту; 

      6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту; 

      7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы жайылымдарды басқа облысқа пайдалану үшін беру туралы ұсыныстар енгізу; 

      8) бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданға (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалаға пайдалану үшін беру; 

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы