⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы құзыреті Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы құзыреті Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы құзыреті Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы 

       1. Масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде:  

      1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

      2) осы Заң талаптарының сақталуы тұрғысынан масс-медиаға мониторингті жүзеге асырады; 

      3) масс-медиада Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      2. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде: 

      1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

       2) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;  

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       3. Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде:  

      1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       4. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:  

      1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

      2) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім кәмелетке толмағандарға таратылған кезде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       5. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:  

      1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

       6. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:  

      1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 

      2) мыналарды: 

      масс-медианы , сондай-ақ телекоммуникация желілері арқылы таратылатын ақпаратты; 

      балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің кәмелетке толмағандарға таратылуын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы