7-бап. Инновациялық кластердің қатысушылары "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы
1. Инновациялық кластердің қатысушылары өз қызметін Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі айқындаған стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары, оның ішінде Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерде жүзеге асыратын, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары;
2) Қамқоршылық кеңес инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізген ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады.
3) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 4) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ.
Осы Заң "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін және "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару ерекшеліктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы