7-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:
1) қатысушы банктердiң жарналар төлеуiн талап етуге;
1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;
2) өзіне қатысты қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі қолданылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, осындай банктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) қызметі туралы, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұратуға;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкiлеттi органнан қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпарат алуға;
5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;
8) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтiнiшхат беруге;
10) уәкілетті органның қатысушы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:
1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
2) қатысушы банктердiң жарналарды толық әрi уақтылы төлеуiне бақылау жасауға;
3) операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банктiң депозиторларына осы Заңда көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген өтемді төлеуге;
3-1) реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) уәкiлеттi органға қатысушы банктердiң Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабарлауға;
5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;
8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы