7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери қызметші:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;
2) белгіленген тәртіппен әскери ант қабылдауға;
3) командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға;
3-1) Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде өзін ротациялау туралы уəкілетті орган басшысының шешімін орындауға;
4) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалдарға қатысуға;
5) тәртіпті, қырағы болуға және мемлекеттік құпиялардың жария етілуіне жол бермеуге;
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
7) əскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;
8) уәкілетті органдардың басшылары бекітетін дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға;
9) өзіне сеніп берілген қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға;
12) әскери мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
13) әскери қызметшінің жеке мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттігімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайларда жазбаша нысанда баянат беруге және командирге (бастыққа) дереу хабарлауға;
14) әскери қызмет мүдделерiне зиян келтiретiн жария сөйлеуге жол бермеуге;
15) командирге (бастыққа):
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өзіне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
16) теріс себептер, аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен мемлекетке:
өзін әскери, арнаулы оқу орнында, оның ішінде шет мемлекетте оқытуға, біліктілігін арттыруға, курстық даярлауға, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша қайта даярлауға жұмсалған ақшаны;
Қазақстан Республикасы мен оқытатын ел арасында жасалған шарт сомасына барабар ақшаны өтеуге міндетті.
2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар лауазымды адамдарының лауазымдық және арнайы міндеттері жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші әскери қызметке кірген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті әскери қызмет өткеру кезеңінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр қызметіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.
4. Əскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы