7-бап. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы
1. Арнайы қорғау шарасы тауарға, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретіндей немесе осындай залал келтіру қатерін төндіретіндей өскен мөлшерлерде (мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) және жағдайларда жүзеге асырылып жатқаны анықталған жағдайда қолданылуы мүмкін.
2. Арнайы қорғау шарасы мыналарды:
1) әрқайсысының үлесіне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайтын көлемде тиесілі болатын дамушы немесе неғұрлым аз дамыған үшінші елдерден шығарылатын осы тауар импортының жиынтық үлесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің тоғыз пайызынан аспайтын жағдайда, дамушы және неғұрлым аз дамыған елден шығарылатын осы тауар импортының үлесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайынша, Комиссия бекітетін, Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы осындай елден шыққан тауарды;
2) "Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы" 2012 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еркін сауда аймағы туралы шарттың тарапы болып табылатын, көрсетілген Шарттың 9-бабында белгіленген талаптарды орындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттен шыққан тауарды қоспағанда, тауардың шыққан еліне қарамастан экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарға қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы