7-7-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі Ақпараттандыру туралы Заңы
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдеседі;
3) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 7-7-баппен толықтырылды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы