7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы Ақпараттандыру туралы Заңы
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде:
1) ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілерінен келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру объектілеріндегі қауіпсіздік қатерлері, осалдық, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін осы Заңның 7-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу бойынша ақпараттандыру объектісін пайдаланады, салалық ұйымдардың оған қосылу және оны пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды.
Ескерту. 2-тарау 7-5-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы