7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы Ақпараттандыру туралы Заңы
1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің міндеттері мен функцияларын іске асырады;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;
4) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 2-тарау 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы