7-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражатты нысаналы пайдалану Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдеу кезінде жүзеге асыратын төлемақыны білдіреді.
2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражат ішкі және келу туризмін дамытуға арналған бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторына жіберіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаражат Қазақстан Республикасының туристік өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуді қоса алғанда, ішкі және келу туризмін дамытуға пайдаланылады.
4. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түскен қаражаттың түсу, бөліну, мониторингі, есептілігі және пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы