⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Құқық қорғау қызметі туралы Заңы 

     1. Құқық қорғау қызметіне конкурстық негізде кіру, қатардағы, кіші және орта басшы құрамдар лауазымдарын және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарының бос және уақытша бос лауазымдарына жүзеге асырылады.

      2. Конкурстық негізде кіретін кандидаттарды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзінің (ішкі) қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырады.

      3. Алдын ала зерделеу құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын кандидаттардың осы Заңның 6 және 10-баптарының талаптарына сай келуін тексеруді қамтиды.

      4. Конкурс тиісті санаттағы бос лауазымға орналасуға арналған резервте кандидаттар болмаған жағдайда өткізіледі.

      5. Кандидаттарды конкурстық негізде іріктеуді құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша құрылатын құқық қорғау органының конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.

      6. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс мынадай бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;

      4) конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу;

      5) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру;

      6) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;

      7) конкурстық комиссияның қорытындысы.

      7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Егер конкурс құқық қорғау органының уақытша бос лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      8. Конкурстық комиссия құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға кандидатты бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсыным жасауға құқылы.

      9. Конкурстық комиссияның бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсынымдары әрбір бос лауазымға үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты жасалады.

      Кандидаттың бос лауазымға орналасуға арналған резервте болу мерзімі ол алынған күннен бастап бір жылды құрайды.

      Кандидаттың ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы оны бос лауазымға орналасуға арналған резервтен шығару үшін негіз болып табылады.

      10. Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат міндетті арнаулы тексеруден өтеді.

      Міндетті арнаулы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін кандидат бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады, онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.

      Міндетті арнаулы тексеру жүргізу кезеңінде кандидатқа осы Заңның қызметкерлердің міндеттері мен жауаптылығы, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады.

      Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.

      11. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы