68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы
1. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.
2. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады және әрбір адвокаттар алқасынан адвокаттардың тең санынан тұрады.
Сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының төралқасында бір мерзімнен артық бола алмайды.
3. Төралқа:
1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
2) Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және ревизиялық комиссияның осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқаларының мүшелігінен шығарылған мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
4) осы Заңның 67-бабына сәйкес Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясының бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;
5) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіреді;
6) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша, адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
7) адвокаттардың кәсіптік деңгейін көтеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды кәсіптік даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
8) адвокаттардың әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен адвокаттық қызметке қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысады;
10) адвокаттар алқаларының өз қызметі туралы есептерін тоқсан сайын қорытады;
11) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары көрсететін қызметтердің орташа құнын (көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша) айқындайды және осы ақпараттың Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
14) Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында:
жаңартылған күйде адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімін, сондай-ақ аумақтық адвокаттар алқалары адвокаттарының тізімін;
Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметке және заң көмегіне қатысты нормативтік құқықтық актілерін;
Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін;
заң көмегін көрсету стандарттарын;
заң көмегі сапасының өлшемшарттарын;
біліктілікті арттыру стандарттарын;
Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;
адвокаттар алқалары және Республикалық адвокаттар алқасы төралқаларының құрамдары туралы мәліметтерді;
кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету туралы мәліметтерді;
адвокатураның тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелерін;
адвокатураның іс-шаралары мен оқиғаларын;
және Республикалық адвокаттар алқасының қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.
Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар алқалары мүшелерінің ақпарат алу тәсілдерін көздеуге тиіс;
15) екі жылда кемінде бір рет Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;
16) Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес өз құзыреті шегінде билік етеді;
17) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының регламентін бекітеді;
18) Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасын бекітеді;
18-1) заң көмегін көрсету стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-2) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-3) адвокаттық мантияның нысаны мен сипаттамасын бекітеді;
18-4) адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-5) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-6) адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-7) адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітеді;
18-8) адвокаттық сұрау салудың нысанын, оны ресімдеу және жіберу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-9) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
18-10) адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
18-11) адвокаттар үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшілігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
18-12) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) , терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан адвокаттардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
19) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Ревизиялық комиссияның немесе адвокаттар алқалары жалпы санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы екі ай ішінде кезектен тыс Республикалық конференцияны шақыруға міндетті.
5. Төралқаның шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы