671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Кеңесу бөлмесінде сот:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және мүлікті тәркілеу;
2) тәркілеу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Қаулының көшірмесі прокурорға және процестің басқа да қатысушыларына табыс етіледі не тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша сот талқылауына қатыспаған қатысушыларға пошта арқылы жіберіледі.
Қаулының көшірмесі мүлкі тәркіленетін адамға табыс етіледі.
3. Қаулы шығарған сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тиісті әділет органына атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және қаулының көшірмесін мүлікті тәркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орындауға жібереді.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы