⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 647-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

647-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

647-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Төрағалық етушi алқабилерге олардың құқықтарын, мiндеттерiн және олардың әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулерді түсiндiредi, сондай-ақ мiндеттердi бұзу мен шектеулердi сақтамаудың салдарлары туралы ескертедi.

      2. Алқабидің:

      1) iстiң мән-жайларын өзiнiң iшкi нанымы бойынша өз бетiнше бағалау және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгін алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;

      2) процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға;

      3) заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жергілікті жердi және үй-жайларды тексерiп-қарауды жүргізуге, сот тергеуiндегi барлық басқа да әрекеттерге қатысуға;

      4) төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты өзiне түсiнiксiз басқа мәселелердi түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;

      5) сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқығы бар.

      3. Алқаби:

      1) сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;

      2) алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ сот отырысында үзiлiс жарияланса немесе iстi тыңдау кейiнге қалдырылса, сот талқылауын жалғастыру үшiн сот көрсеткен уақытта келуге;

      3) сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала құлағдар етуге мiндеттi.

      4. Алқаби:

      1) iстi тыңдау кезiнде сот отырысының залынан кетуге;

      2) iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге;

      3) iстi талқылау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға;

      4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес.

      5. Алқабидiң өз мiндеттерiн атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулердi сақтамауы заңда белгiленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушiнiң алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндiгiне әкеп соғады.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 647. Права, обязанности присяжного заседателя и ограничения в действиях, связанные с рассмотрением дела Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 647. Права, обязанности присяжного заседателя и ограничения в действиях, связанные с рассмотрением делаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахста...

Толық оқу »

436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтың алқаби міндетін орындауына лауазымды адамның кедергі ж...

Толық оқу »