6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
1) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі, әзірлейді және бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.
3) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасының түйінді және нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді және уәкілетті органға жібереді;
4) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
5) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында ғылыми-зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
7) коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын өткізу бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң коммуналдық және өндірістік мұқтаждықтарға жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу мен тұтыну, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен оларды дамыту және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы