⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына

6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына 

       1. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынған, бұған:  

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тараптардың бiрi ретінде әрекет ететін операциялар; 

       2) резиденттермен валюталық операцияларды жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен не осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен берілген резиденттер тараптардың бiрi ретінде әрекет ететін операциялар;  

      3) уәкiлеттi банктер мен уәкілетті ұйымдар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға құқылы банк операциялары мен өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар; 

       4) валюталық операцияларды жүргізу бойынша банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;  

      5) номиналды құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар; 

      6) комитентке валюталық құндылықтарды қайтару жөніндегі операцияларды қоса алғанда, комиссионерлердің экспорт немесе импорт бойынша бейрезиденттермен шарттарды жасасуға және орындауға байланысты қызметтер көрсетуі кезінде комиссионерлер мен комитенттер арасындағы операциялар; 

      7) құймалардағы аффинирленген алтынды ұлттық валютаға сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар; 

      8) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру; 

      9) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарларды өткізу және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысуларға байланысты операциялар; 

       10) шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) арасындағы операциялар;  

      11) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты берілген, жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар; 

       12) жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметі қайырымдылықты жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың өтеусіз ақша аударымдары немесе валюталық құндылықтарды өтеусіз беруі;  

       13) жеке тұлғалардың банктік салымдарды басқа жеке тұлғалардың пайдасына енгізуі;  

      14) брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттарды орындау және тоқтату шеңберінде клиенттерге тиесілі ақшаны және қаржы құралдарын есепке алуға және сақтауға арналған шоттардан (шоттарға) ақшаны және қаржы құралдарын беруге байланысты, клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы операциялар; 

      15) Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар; 

      16) Салық кодексіне сәйкес өзіне жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының осындай пайдалы қазбаларды тасуға, сақтауға және өткізуге байланысты операциялары; 

       17) жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер жүргізу жағдайлары кірмейді.  

      2. Резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында жүзеге асырылады.  

       3. Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өздерінің филиалдарымен (өкілдіктерімен) кез келген валюталық операциялар бойынша ақшаны еркін алуға және аударуға құқылы.  

      4. Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз операциялары және өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтерді, сыйақыны және өзге де кiрiстердi еркін алуға және аударуға құқылы. 

      5. Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүзеге асырылады. 

      6. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады. 

      7. Осы Заңда жүзеге асырылу талаптары белгіленбеген резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүргізіледі. 

      8. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді резиденттер мен бейрезиденттер Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған кезде шектеусіз жүзеге асырады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

      Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы