6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының қолданылу тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға заңсыз орналастыру, кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы