6-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет нысандары мен шешімдері Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заңы
1. Қауіпсіздік Кеңесі өз қызметін отырыстар мен жедел кеңестер нысанында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалатын өзге де нысандарда жүзеге асырады.
2. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының немесе Төрағаның уәкілеттік беруі бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен өткізіледі. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу мерзімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы айқындайды.
3. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды болады. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге адамдарға беруіне жол берілмейді.
4. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері қатысып отырған Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
5. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде олар Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады.
6. Қауiпсiздiк Кеңесiнің және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешiмдері мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдары мен лауазымды адамдарының мүлтіксіз орындауына жатады.
7. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін, Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының өзге де нысандарын ұйымдастыру мен өткізу, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау тәртібі Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалады.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы