6-бап. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы
1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсаты бар Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері, заңды тұлғасы қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлға болып табылады.
2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсатты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді.
3. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингінің субъектілері болып табылады.
4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті.
5. Мүліктің меншік иесі немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі болатын тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық жасаған тұлға болып табылады.
6. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада цифрлық активтердің аталған тұлғаға берілгені туралы жазба орналастырылған кезден бастап қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылған құқықтар туындайды.
7. Шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылатын құқықтардың түрі мен көлемі қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімде айқындалады.
8. Қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару оның қамтамасыз етілуінің бар-жоғы тексерілгеннен кейін ғана, цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада жазбаны орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы