⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары Пробация туралы Заңы

6-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары Пробация туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары Пробация туралы Заңы 

      1. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту: 

      1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету: 

      медициналық көмек алу; 

      орта білім алу; 

      кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); 

      жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; 

      психологиялық демеуді қамтамасыз ету; 

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу; 

      2) мыналарды: 

      әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді; 

      әлеуметтік патронажды; 

      тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру; 

      3) мыналарды: 

      келу орнымен қамтамасыз етуді; 

      оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды; 

      мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды; 

      4) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі. 

       2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды пробацияны жүзеге асыратын субъектілер іске асырады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы