6-бап. Оператордың функциялары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы
Оператор:
1) қатысушы банкпен, қатысушы-сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
2) қатысушы білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
3) қатысушы банктен, қатысушы-сақтандыру ұйымынан, қатысушы білім беру ұйымынан, салымшыдан, сақтанушыдан және (немесе) пайда алушыдан салым шартын, сақтандыру шартын жасасуға, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын есепке жазуға, білім беру қызметтерінің құны мен ақысына, білім алушының мәртебесіне қатысты қажетті мәліметтерді сұратады;
4) жасалған салым шарттарын, сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;
4-1) тиісінше салымшыда немесе пайда алушыда операторда тіркелген салым шартының немесе сақтандыру шартының, сондай-ақ пайда алушы және салымшы сол бір тұлға болып табылатын сақтандыру шартының немесе салым шартының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады;
5) қатысушы банктен салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау және салымшының жинақталған қаражатын шетелдік білім беру ұйымына аудару туралы растайтын құжаттарды алғаннан кейін салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады;
5-1) пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына қабылданғаны туралы растау құжаттары қатысушы-сақтандыру ұйымынан алынғаннан кейін және сақтандыру шарты бойынша шетелдік білім беру ұйымына сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады;
6) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін осы Заңда қойылатын талаптарды қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының орындағаны туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жылына екі рет жариялайды;
7) білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына есепке жатқызылуға жататын мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;
8) қатысушы банктің және қатысушы-сақтандыру ұйымының білім беру жинақтау салымдарына және сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақылары мен бастапқы білім беру капиталының сомаларын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
9) осы Заңның 14 және 14-1-баптарында көзделген жағдайларда мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуын қайта есептеуді жүргізеді;
10) бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы, бастапқы білім беру капиталы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмені салымшыға, қатысушы банкке, сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы-сақтандыру ұйымына немесе қатысушы білім беру ұйымына береді;
11) қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе қатысушы білім беру ұйымының бастапқы білім беру капиталының, мемлекет сыйлықақысының сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
12) салымшыға, сақтанушыға, қатысушы банкке, қатысушы-сақтандыру ұйымына, қатысушы білім беру ұйымына осы Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде қойылатын талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту үшін шаралар қабылдайды;
13) қатысушы банк осы Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ салымшылардың ақшасын, салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкке аударуды талап етеді;
13-1) қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ сатып алу сомасын және сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын сақтанушының таңдауы бойынша басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды талап етеді;
14) салымшының немесе пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда, салымшымен салым шартын немесе сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттігі туралы қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы.
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы