⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы 

      1. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады. 

       2. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. 

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты болып табылады. 

      4. Онлайн-платформалардың жұмыс істеуі, онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады. 

      Жария қоғамдастықтардың модераторлары, онлайн-жарнаманы таратушылар бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады. 

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделіп, жіберіледі. 

      6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда: 

      1) қолма-қол – бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

      2) поштамен – пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 

       3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.  

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

      8. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарсылығын жіберуге құқылы. 

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы