⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

      1. Кеңес мүшесі: 

      1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға; 

      2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға; 

      3) қаралып отырған мәселелер бойынша өтінішхаттарды мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге; 

      4) қолында бар құжаттарды ұсынуға; 

      5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға; 

      6) судьялыққа кандидаттармен және судьялармен өңірлерде көшпелі кездесулер өткізуге; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысына қатысуға; 

      8) Кеңестің құзыреті шегінде азаматтарды жеке қабылдауды жүргізуге; 

      8-1) Кеңес отырысында қарау үшін шығарылатын мәселелер тізбесі бойынша ұсыныстар енгізуге; 

      9) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 

      2. Кеңес мүшесі: 

      1) Кеңестің отырыстарына қатысуға; 

      2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап және объективті болуға; 

      3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты өзіне белгілі болған, судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға; 

      4) Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде, егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы