⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді. 

      Борышкер-жеке тұлға және (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабар берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) коллекторлық агенттікке "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент-жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы жүгінеді, онда берешектің пайда болу себептері мен мән-жайлары, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер, борышкердің өтінішін қарау және оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі. 

      2. Коллекторлық агенттік жазбаша өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті. 

      3. Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды және коллекторлық агенттік пен борышкерге және (немесе) оның өкіліне: 

      1) банктік қарыз шартына немесе микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістермен келісетіні; 

      2) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары; 

      3) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы хабарлайды. 

       4. Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.  

      5. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде кредитор: 

      сотқа оның берешегін өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге; 

      берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңдегі сыйақыны, қарыз немесе микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және өзге төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес. 

      6. Борышкер және (немесе) оның өкілі осы бапта көзделген берешекті сотқа дейін реттеу тәртібі мәселесі бойынша кредитордың не коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға шағым жасай алады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы