6-бап. Бағалаудың түрлерi Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы
1. Мiндеттi және бастамашылық бағалау бағалаудың түрлерi болып табылады.
2. Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мүлікке салық салу;
2) мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшін жүргізіледі.
Осы тармақшаның нормалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіп берілген мүлікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарына сенімгерлік басқаруға не жалға беру жағдайларына қолданылмайды;
3) ипотекалық қарыз беру кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті өткізу қажет болған кезде ипотекалық кредиттеу;
4) мүлiктi мемлекеттiк мұқтаждарға сатып алу және алып қою;
5) сот орындаушысы жүргiзген бағалауға борышкер немесе өндiрiп алушы қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын айқындау;
6) мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктің құнын айқындау үшін;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргiзiледi.
3. Бастамашылық бағалау бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бағалау жүргiзуі жөнiнде тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.
Бағалау жүргiзу құқығы сөзсіз құқық болып табылады.
4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкін салық салу үшін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші болып табылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы