6-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті Әскери полиция органдары туралы Заңы
1. Әскери полиция органдары жүктелген міндеттер шегінде:
1) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2) гарнизондарда, әскери қалашықтарда, әскери бөлімдерде (мекемелерде) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) әскери қызметшілер және азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауды жүзеге асырады;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
6) қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
7) әскери қызметшілерді іздестіруді жүзеге асырады;
8) гауптвахталар мен уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастырады, оларда әскери қызметшілерді ұстауды, сондай-ақ оларды гауптвахтаның шегінен тыс жерге айдауылмен алып жүруді жүзеге асырады.
2. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары сондай-ақ:
1) тәуліктік наряд қызметін, ішкі және гарнизондық қызметтерді, диверсияға қарсы қауіпсіздікті, терроризмге қарсы қорғалуды, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ әскери бөлімдерді (мекемелерді) күзетудің техникалық құралдарын пайдалану мәселелері бойынша Қарулы Күштердің қызметін үйлестіруге қатысады;
2) Қорғаныс министрі айқындаған тәртіппен және шектерде объектіні – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) ғимаратын оған іргелес жатқан аумақпен және құрылысжайлармен бірге күзетуді, оның ішінде қару-жарақты, арнаулы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін және өзге де техникалық күзет құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілген объектіде өткізу режимін қамтамасыз етеді.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары сондай-ақ:
1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен және шекте ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіреді;
2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен және шекте ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін күзетуді, оның ішінде қару-жарақты, арнаулы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілген объектілерде өткізу режимін және объектішілік режимді қамтамасыз етеді;
3) ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің физикалық және техникалық қорғалуын қамтамасыз етуді үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы